02
февраль
2024
2024 жылдың 31қаңтар күні «Теннис» үйірмесінің жетекшісі Н.М.Мәулетбеков пен «Спорт және салауатты өмір салты фракциясының» жетекшісі Тілейхан Исламның ұйымдастыруымен 8—10 сынып ұлдары арасында теннис ойынынан мектепішілік жарыс өткізілді.
2024 жылдың 31қаңтар күні оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отырып, спорттық ойындарды дамыту және оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Теннис» үйірмесінің жетекшісі Н.М.Мәулетбеков пен «Спорт және салауатты өмір салты фракциясының» жетекшісі Тілейхан Исламның ұйымдастыруымен 8—10 сынып ұлдары арасында теннис ойынынан мектепішілік жарыс өткізілді. Оқушылар сайысқа белсене қатысып, өздерінің спортқа деген қызығушылықтарын білдірді. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.









