22
февраль
2024
20 ақпан күні Семей қаласындағы "Жақсылық Үшкемпіров" атындағы спорт кешенінде арқан тартыстан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысы өтті. Мектебіміздің ұстазы Таңатқан Айбота команда құрамында болып, белсенділік танытты
Ағымдағы жылдың 20 ақпан күні Семей қаласындағы "Жақсылық Үшкемпіров" атындағы спорт кешенінде арқан тартыстан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысы өтті. Жарысқа Абай облысы, Жарма ауданы атынан құрама команда қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Мектебіміздің ұстазы Таңатқан Айбота команда құрамында болып, белсенділік танытты. Жеңімпаз болған құрамалар 7 наурызда Астана қаласында өтетін финалға жолдама алды. Келесі бәсекеде сәттілік тілейміз.

