Мәрзия Айтбайқызы Тұрлыханованың есіміне математика кабинетінің ашылу салтанаты өтті. С » "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 4765695
Есепші бөлімі:
+7(723) 4765694
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мәрзия Айтбайқызы Тұрлыханованың есіміне математика кабинетінің ашылу салтанаты өтті. С
04
декабрь
2023

Мәрзия Айтбайқызы Тұрлыханованың есіміне математика кабинетінің ашылу салтанаты өтті. С

02.12.2023 жылы мектебімізде  Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,ҚР Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері, «Ы.Алтынсарин атындағы құрмет белгісі» иегері, математика пәнінің мұғалімі, көпбалалы батыр ана Мәрзия Айтбайқызы Тұрлыханованың есіміне математика кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынның шымылдығын Грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы кеңес одағының палуаны,КСРО және Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жарма ауданының Құрметті азаматы, Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті, ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты Дәулет Болатұлы Тұрлыханов құттықтау сөз кезегімен ашты. Іс-шара ары қарай Мәрзия Айтбайқызы Тұрлыханова кабинетінің лентасын қию рәсімімен жалғасты. Лента қию тізгіні Мәрзия Айтбайқызының ұлы Дәулет Болатұлы Тұрлыхановқа, Жарма ауданының әкімі Ж.Б.Байсабыровқа, М.А.Тұрлыханованың жары, мектебіміздің ұстазы болған Болат Тұрлыханұлының шәкірттері, мектебіміздің түлектері,  К.Қоңыртаев, Т.Қасенов, Н.Есполов, мектебіміздің  түлегі, ардагер ұстаз Қ.Баяндиноваға, мектебіміздің ардагер ұстазы  Г.Тезекпаеваға берілді. Дәулет Болатұлы Тұрлыханов анасының тағылымы терең өмірі және ұстаздық жолы жас ұрпаққа үлгі болатындығын айтып, бұл кабинеттен талай шәкірт білім алып, биік белестерден көрінеді деген сенімділігін білдірді.


Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив