20
ноябрь
2023
20.11.2023 жылы мектебімізде ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ашылу рәсімі өтті.
20.11.2023 жылы мектебімізде ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ашылу рәсімі өтті. Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау. Атаулы іс-шараға Жарма ауданы Білім бөлімінің әдіскері А.К.Шакенова, Қалбатау ауылдық округ әкімі Қ.С.Рахимжанов қатысты. Алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры А.С.Матанова алып, оқушыларға сәттілік тіледі. Ұстаз еңбегінің жемісі-шәкіртінің жеңісі. Ауыл олимпиадасына қатысушы оқушыларымыз мектеп абыройын асқақтататынына сенімдіміз.









