23
апрель
2023
2023 жылдың 20 сәуір күні директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Т.Журсумбаеваның ұйымдастыруымен "Мен жас маман ретінде қалыптасуымда қандай проблемаларға кезіктім және оны қалай шештім" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
2023 жылдың 20 сәуір күні директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Т.Журсумбаеваның ұйымдастыруымен "Мен жас маман ретінде қалыптасуымда қандай проблемаларға кезіктім және оны қалай шештім" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында ситуациялық сұрақтар қойылып, әркім өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар мектеп психологтары И.К.Садвакасова мен М.Ж.Жолғазинова сәлемдесу рәсімінде "Қуыршақ" терапиясын, үнемі әдемі түске боялған, көтеріңкі көңіл-күйде жүру үшін "Құм терапиясын" және өздерінің ішкі жан дүниесін түсіну үшін "Бетперде" жаттығуын өткізді. Мектебіміздің жас ұстаздары ұйымдастырылған әрбір жаттығуларға жауапкершілікпен, қызығушылықпен қатысып, отырыстың сәнін келтірді.




