06
май
2022
«Ардагерге ашық хат» құттықтау хатын сыйлады
2022 жылдың 5 мамыр күні Ұлы Отан соғысының ардагері Загидуллин Наил Гашигуловичке мектебіміздің оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, құттықтап қайтты. 6-сынып оқушысы Мырзақан Аружан «Ардагерге ашық хат» құттықтау хатын сыйлады. Ардагер атамызға шын көңілден денсаулық, ұзақ та жарқын, алаңсыз күндер, жақын адамдарының қамқорлығы мен ықыласын тілейміз. 
