29
октябрь
2018
Қамқоршылық кеңес
Жыл сайын 29 қазанада "Қамқоршылар күні" өткізіледі. «Қамқоршылар күні» аясында бала бойына отбасы жылулығы мен махаббатын дарыта алатын кең пейілді, ашық жүректі жандарға құрмет көрсетіледі. Негізгі мақсаты - қабылдаушы отбасында баланың сәтті бейімделуі мәселелерінде қамқоршыларға әрекетті көмек көрсету, сонымен қатар отбасы тәрбиесіне алынған балаға деген сүйіспеншілігі, шыдамдылығы және еңбегі үшін қамқоршыларға алғыс білдіру болып табылады. Осы орайда, қамқоршыларымыз, Күюспаев Самалхан, Темирбаева Зайра, Ахметкалиева Еркежанның отбасыларына алғыс айтылып, сыйлықтар берілді. Балаға мейірім нұрын төгіп жүрген асыл жандарға алғысымыз шексіз!!!
