12
сентябрь
2023
Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөнінде конкурс жариялайды.
«Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы және ҚР Оқу –ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 №56 бұйрығының 1 қосымшасына, 2 қосымшасына, 4 қосымшасына сәйкес «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөнінде конкурс жариялайды.
Комиссия құрамына жергілікті өкіл, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
